Бүгін елордалық Достық үйінің алаңында мерекелік іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, бір-біріне көктемнің басталуымен және жаңаруымен құттықтады.
Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара ұйымдастырып, киіз үйлер мен алтыбақан орнатып, қазандарда наурыз көже мен палау пісірілді, сол сияқты мерекелік дастархан дайындалып, барлық қатысушыларға бауырсақтар таратылды.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, ҚР ІІМ Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, жастар, БАҚ өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.