Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

22.03.2022 Қазақстандықтар Наурыз мейрамын тойлап жатыр
619

Жыл басы Әз-Наурыз мейрамы келді. Барша қазақстандықтар жаңару мен молшылықтың символы саналатын көктем мерекесін тойлап жатыр. Наурыз мерекесіне орай Қазақстанның түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өтуде. Айта кетерлігі, еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанына орай  мерекелік концерт, байқаулар мен басқа да шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, елордада 100-ден астам шара өтті. Қалада концерт, мерекелік бағдарлама, көрме, қойылым, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар,  фестиваль және т.б. шаралар өтіп жатыр. Шымкент тұрғындары да Наурыз көжеден дәм татып, мерекелік шараларға қатысуда.