Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

12.04.2022 Алматыдағы шуақты көктем
602

Алматыға нағыз көктем келді. Наурыздағы салқын ауа райынан кейін сәуір жылы және шуақты ауа райымен қуантып отыр. Алматылықтар бірден жылы пальтосын жейде мен жеңіл көйлектерге ауыстырды. Мегаполисте ауа температурасы +27 градусқа жетеді.
Синоптиктердің болжамынша, сәуір айының ортасында ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі. 
Көктемнің басталысымен табиғат гүлдейді. Ағаштар бүршік атып, жайқалған әсем гүлдер мен жасыл шөп көздің жауын алады. Осындай көктемгі ауа райында сәуірдің ортасына қарай өрік, содан кейін алма ағаштары гүлдейді. 
Көктем – серуендеу үшін тамаша кезең. Күн санап көшеде серуен құрған халықтың қарасы көбейіп барады. Қала тұрғындарының жүзінен көтеріңкі көңіл-күй байқалады.  Желі қолданушылары гүлденген қаланың суреттерін салып, бөлісуде.