Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.05.2023 Астана әуежайында бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын қарсы алды
0

Кеше елордалық әуежайға Өзбекстанда өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мінген ұшақ қонды. Жанкүйерлер сүйікті спортшыларын ыстық ықыласпен қарсы алды. Сағат 13:20-да елордаға ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, алтын медаль иегерлері Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және күміс жүлдегер - Дулат Бекбауов ұшып келді. Спортшылардың екінші тобы Астана уақытымен сағат 16:00-ге қарай ұшып қонды. Олардың арасында екі алтын жүлдегер Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай бар. Олардың қуанышында шек болған жоқ. Жанкүйерлерден басқа спортшыларды жақындары, туыстары, отбасылары, достары қарсы алды. Спортшылар тілшілермен сөйлесіп, қолдау көрсеткендерге алғыстарын білдірді.