Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.05.2023 Елордада әскерге жаңа шақырылған 120 жас сарбаз ант қабылдады
0

Астанадағы "Отан қорғаушылар" алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ерекше мақсаттағы күштерінің "Айбын" президенттік полкі мерзімді қызметінің әскери қызметшілерінің әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Рәсім "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Оған Қарулы Күштердің ардагерлері, гарнизонның әскери қызметшілері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, жас сарбаздардың туыстары қатысты. Салтанатты рәсімнен кейін сарбаздардың ата-аналарына әскери қызмет барысымен және сарбаздардың өмір сүру жағдайымен танысуға мүмкіндік берілді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстан бойынша Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдерінде үш мыңнан астам адам әскери ант қабылдап, "Оңтүстік", "Шығыс", "Астана" өңірлік қолбасшылықтарында қызмет атқарып жүр.