Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

07.06.2023 Бакуде Қазақ әдебиеті кеші өтті
0

Әзербайжан астанасы Баку қаласында түркі әлемінің II әдебиет және кітаптар фестивалі басталды.
Мерекелік іс-шараның мақсаты - қалың жұртшылықты түркі халықтарының бай материалдық және рухани мәдениетімен таныстыру, сондай-ақ оларды өскелең ұрпақ арасында насихаттау. Шараның бірінші күндері өткізілген "Қазақ әдебиеті" күні аясында келушілер түркі мұрасының шығармашылық әралуандығы мен ерекшелігіне көз жеткізе алды. Мәселен, оқырмандардың назарына қазақ тарихшылары, ақындар мен жазушыларының, оның ішінде әзербайжан тіліндегі баға жетпес еңбектері туралы ондаған басылым ұсынылды. Жәрмеңкеде Баку шеберлерінің қолдан жасаған жұмыстары да келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Қазақстандық және жергілікті орындаушылардың қатысуымен өткен қызықты концерттік бағдарлама қонақтардың көңілін көтерді. Мәдени-ағарту кешінде қазақ және әзербайжан халық әндері, сондай-ақ көрнекті қазақ ақыны, ағартушы Абайдың өлеңдері орындалды, ал домбырашылардың орындауындағы шығармалар қатысушыларға қазақ даласының көңіл-күйін жеткізе алды.