Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

08.06.2023 Елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр
0

8-9 маусым күндері Қазақстан астанасында Астана халықаралық форумы өтіп жатыр. Биыл форумға қатысушылар «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» тақырыбын талқылайды. Форум климаттың өзгеруіне, азық-түлік тапшылығына және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды делегаттарының диалогіне арналған алаң болмақ. «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында» атты форум жұмысына 40-тан астам елден 400-ге жуық делегат қатысуда.