Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.06.2023 Алматыда ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығы атап өтілді
0

Алматыдағы іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстанның мәдениет министрлері, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстаннан министр орынбасарлары қатысты. Мерейтойлық шараға байланысты Сондай-ақ, түркі елдерінің ұлттық киімдерінің тақырыптық фотокөрмесі мен дефилесі ұйымдастырылып, қазақстандық қолөнершілер көрмесі өтті. 
«ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығы-бүкіл түркі әлемі үшін маңызды оқиға. Осы уақыт ішінде біз бауырлас халықтармен мәдени және рухани байланыстарды нығайттық, ауқымды жобаларды жүзеге асырдық, тәжірибе және білім алмастық. Бұл үдерістердің басталуы Қазақстанда қаланғаны біз үшін ерекше маңызды. Біздің ортақ күш-жігерімізбен ТҮРКСОЙ одан әрі дамитынына сенімдімін», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов. 
ТҮРКСОЙ - түркі халықтарының ортақ материалдық және мәдени ескерткіштерін сақтау, дамыту және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатын көздейтін халықаралық ұйым. 1993 жылы Алматыда негізі қаланған  ТҮРКСОЙ құрамына 6 мемлекет кіреді: Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Өзбекстан.