Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.06.2023 Қазақстан Бакудегі Халықаралық Ұлттық мәдениет фестиваліне қатысты
0

Осымен 11-рет ұйымдастырылған дәстүрлі фестиваль Әзербайжанда тіркелген 30-дан астам дипломатиялық корпус өкілдерінің басын қосып, көпшілікке олардың мәдениеті, тарихы, дәстүрі мен туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Мерекелік іс-шараға Azerbaijan Diplomatic Academy (ADA) университетінде оқитын жергілікті және шетелдік студенттер мен Әзербайжанда жұмыс істейтін 33 шетелдік елшілік өкілдерінен құралған 500-ден астам қатысушы жиналды. Дипломатиялық корпус өкілдері салт-дәстүр, ұлттық тағамдарын ұсынды. Бұл елдердің қатарында Франция, Ұлыбритания және басқа да Еуропа елдері, АҚШ, Куба, Колумбия, Латын Америкасының басқа елдері, Орталық Азия елдері, Израиль, Түркия, Жапония, сонымен қатар Қазақстан мен Түрікменстан бар. 
Көрме қонақтары мен қатысушылары түрлі кітап, буклет, басқа да баспа өнімдері арқылы осы елдердің көрнекті жерлерімен танысып, экономикалық мүмкіндіктері туралы қысқаша мағлұмат алды. Қазақстан елшілігінің стендінде қазақтың ұлттық тағамдары, тұрмыстық заттары, тарихы, саясаты мен туристік мүмкіндіктері туралы кітап пен буклеттер ұсынылды. Ол ADA студенттері мен фестиваль қонақтарының қызығушылығын тудырды.