Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

16.06.2023 Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілді
0

Қазақстандағы ірі жол-көлік инфрақұрылымдарының бірі – Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілді. Көлік жүргізушілері жаңа жолдың үстімен жүріп, оның артықшылықтарын бағамдап көрді. Аталған айналма жол ел тарихындағы алғашқы концессиялық жоба саналады. Оның құрылысы 3 жыл бұрын түрік-корея консорциумының негізінде қолға алынып, жоспарға сәйкес 2024 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Десе де қарқынды жұмыстардың нәтижесінде бұл нысан мерзімінен бұрын тапсырылып отыр. ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, аталған автожол мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады.