Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

23.06.2023 Жамбы атудан ел чемпионаты ерекше оқиғамен есте қалды
0

Көкшетауда жамбы атудан өткен  ел чемпионатында ат қылына байланған тайтұяқты көздеу сайысы тұңғыш рет өткізілді. Салмағы 318 грамм ғана таятұяқты 120 метр қашықтықтан көздеген ересек мергендер мен кәнігі шеберлердің өзі мүлт кетіп жатты. Сайыс қорытындысы бойынша 16 жастағы қарағандылық жас мерген Нұрасыл Оралханның бағы жанып, 300 мың теңгені қанжығаға байлады.
 Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 3 675 000 теңге болды.