Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

05.07.2023 «GUL ASTANA» фестивалі басталды
0

Елордада  қала күніне осындай ерекше фестиваль басталды. Шараның көздегені Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің әралуандығын насихаттау, тұрғындар мен қала қонақтарына жарқын көңіл күй сыйлау. Ландшафт дизайнерлері мен флористер барын өнерін салғаны байқалады. Мәселен,  киіз үй бейнесіндегі мына киіз үйлерде еліміздің төрт құбылысы түгенделіп, бай флорасы  көрініс тапқан. Сондай-ақ фестиваль аясында «Жанданған гүлдер» тақырыбында салынған суреттер шеруі өтіп, флористер байқауының жеңімпаздары анықталады. Түрлі театрландырылған интерактивті бағдарламалар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылған. Бұл гүлдердің мәнін ашатын жай ғана көрме емес. Ұйымдастырушылар осы шара арқылы шаһар тұрғындарын эко қозғалысқа тарту, шикізатты қайта өңдеудің маңыздылығын көрсету жəне эко-белсенділерді біріктіруді мақсат тұтып отыр. Келушілер эко сабақтарға қатысып, қалдықтарды кәдеге жарату тәсілдерін үйренеді.