Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

05.09.2023 Астанада «Ұлы дала жорығы» бірегей марафон-бәйгесінің екінші маусымы басталды
0

«Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесі бүгін елордадан басталды. Биыл екінші рет ұйымдастырылған бәйгеге ел өңірлерінен 19 команда қатысып жатыр. Ат жарысы елорда іргесіндегі Қаражар ауылынан басталды. Шабандоздар 1 300 шақырым қашықтықта жарысады, 19 қыркүйекте Түркістанда мәреге жетеді. «Ұлы дала жорығы» марафонының жалпы жүлде қоры - 65 млн теңге. Жеңімпаз командаға 30 млн теңге, 2-орынға 20 млн теңге, ал 3-орынға 15 млн теңге табысталады. Жорық барысын 2 халықаралық және 2 қазақстандық судья бағалайды, ал жол бойы аттардың жағдайын 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қадағалайды.