Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

18.04.2017 Су тасқыны бақылауда
2407

Жалпы республика бойынша су тасқыны аймақтарынан 6 мың адам эвакуацияланды және 87 мыңнан астам мал басы қауіпсіз жерге көшірілді. Қауіпті аймақтардағы су тасқыны салдарын жоюға 3 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Бұл құтқарушылар, полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және жергілікті атқару органдарының жұмыскерлері. 722 дана техника іске қосылды», - деп хабарлады ҚР Үкіметінің отырысында министр. Оның айтуынша, шұғыл және инженерлік қорғау бойынша едәуір жұмыстар атқарылды, 24 мың метрден астам уақытша бөгеттер тұрғызылды. ТЖ аймақтарына Астанадан, Алматыдан және Жамбыл облысынан қосымша күш пен құрал-жабдықтар жіберілді.
Фото: КЧС МВД РК