Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.12.2017 ҚазАқпарат» ХАА «Рухани жаңғыру» байқауының 11 жеңімпазын марапаттады
1717

«ҚазАқпарат» ХАА Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау әрі оны халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында дизайнерлік шешімдер үшін конкурс ұйымдастырған болатын. ​Бүгін Астанада дизайнерлік шешімдер байқауының жеңімпаздары марапатталды
Байқаудың бас жүлдесін Павлодар қаласынан келген Денис Романов жеңіп алды. Байқаудың жеңімпазына 2 миллион теңгенің сертификатын Алан Әжібаев табыстады. Ал жүлделі бірінші орынды жеңіп алған Назарбаев Университетінің студенті Мадина Мұқановаға «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров 1,5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Екінші орынды (1 миллион теңге) Павлодар қаласынан келген Рустам Саримов ұтып алса, үшінші орын Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Сәуле Жиенқұловаға (500 мың теңге) бұйырды.