Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

19.04.2018 Қазақстан әскери қуаты бойынша әлем рейтингінде 50-орынға көтерілді
1384

Global Firepower Index жыл сайын жариялайтын рейтингінде Қазақстан әскери қуаты жағынан 50-орынға көтерілді



Былтыр Қазақстанның Қарулы Күштері 53-орында болған. Әлемнің қуатты армияларының 2018 жылғы тізімінде Қазақстан Сириядан (49-орын) кейін, Эфиопияның (51-орын) алдында тұр. Бірінші орынды АҚШ иеленсе, екінші орында Ресей келеді, ал үздік үштікті  Қытай түйіндейді. Ресейден тыс, ТМД елдерінің арасында Қазақстанның алдында Украина (29-орын), Өзбекстан (39-орын) және Беларусь (41-орын) тұр. Рейтингте жалпы 136 мемлекет бар. Global Firepower осы рейтингті 55 параметр негізінде құрастырады.