Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

10.05.2018 Алматыда балабақшаға кезекке тұрудың жаңа ережесі енгізілмек
1895

15 мамырдан бастап ата-аналар балаларын кезекке тек  жаңа жүйе арқылы қоя алады. Тіркеу balabaqsha.open-almaty.kz сайтында жүргізіледі.

Өтініш беруші алдымен электронды-цифрлық қолтаңбасы арқылы сайтқа, оның ішінде жеке кабинетке кіруі тиіс.
Электронды-цифрлық қолтаңбасы жоқтар оны ХҚО-дан алуына болады.
Өтініш берушінің жеке кабинетінде жеке деректерді енгізу немесе оны өңдеу қажет. 
Электронды поштаны және мобильдік телефон нөмірін көрсету қажет.
Кезегі келгендігі туралы ақпарат почта немесе sms арқылы жіберіледі.
Жүйеде тек бос орындары бар мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар ғана бар.
Хабарды алғаннан кейін баланың ата-анасы таңдалған балабақшаға 5 жұмыс күні ішінде жүгінуі тиіс.