Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

16.05.2018 Ішкі істер министрі батыр балаларды марапаттады
1615

Елордадағы Оқушылар сарайында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов  қиын кезеңде адам өміріне төнген қауіптің бетін қайтарған 20 батыл баланы марапаттады. 



Астанаға марапаттау рәсіміне қатысу үшін еліміздің түрлі өңірлерінен 20 батыр бала келді. Марапаттау рәсімі ІІМ-нің «Бақытты балалықты қорғау» жобасы аясында өтті.  
Салтанатты рәсім кезінде балалардың құрметіне қарауылдар өнер көрсетіп, әскери оркестрдің орындауындағы патриоттық және әскери композиялар орындалды. Сондай-ақ, олар елорданың көрнекі жерлерін аралады.