Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

05.06.2018 Сарыарқа төсіндегі экзотикалық гүл бейнесіндегі ғимарат: "Қазақстан" ОКЗ
2419

Бірегей нысан саналатын концерт залы итальяндық сәулетші Манфреди Николеттидің соңғы жұмыстарының бірі болып есептелінеді


Ол Қазақстан елордасының қақ төрінде бүгінде «Қазақстан» орталық концерт залы деген атаумен танымал үлкен экзотикалық гүлді отырғызды десек артық айтқандық емес. Өйткені еліміздің басты концерт залы дәл осы экзотикалық гүлге ұқсайды. «Қазақстан» ОКЗ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен салынған. Көрермен залы арена іспетті. Оған 3500 көрермен сыяды. Атриум ішкі және сыртқы жағынан акустикаға еш кедергісіз өзінің міндетін атқаруға мүмкіндік беретін арнайы ағашпен қапталған. «Қазақстан» ОКЗ инфрақұрылымы жағынан мультимедиалық кешен секілді. Ғимаратта техниканың соңғы сөзімен
жабдықталған 200 және 300 орындарға арналған екі конференц-зал, 250 орынға арналған камералық зал бар. Орталық концерт залында музыкалық қойылымдар әзірлеуге арналған студиялар да бар.
Толығырақ
Видео: Ахмедин Жансерик