Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

07.06.2018 Ақорда - еліміздің басты ғимараты
2600

Ақорда - қазіргі Қазақстанның символы.


Осы жерде жоғары деңгейдегі кездесулер, құжаттарға қол қою, мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімдері жүргізіледі. 
Ақорда - қазақы, шығыс және еуропалық сарындарды сыйдыра білген үлкен сарай. Ғимараттың негізгі құрылымын ойластыруда Қазақстан мен шетелдің жетекші сәулетшілерінен құралған команда жұмыс жүргізді. Ерекше назар аударарлық орын - Шығыс залы. Ол үлкен киіз түрінде ойластырылған. Президент Резиденциясы үйілген дөңде орналасқан. Сондықтан, ол қай жағынан қарасаңыз да, асқақ та айбынды көрінеді. Ақорда құрылысы 2001 жылы басталып, ресми түрде 2004 жылдың желтоқсанында ашылды.
Ғимараттың жалпы ауданы 36,5 мың шаршы метрді құрайды. Іргетасынан сонау төбесіне дейін - 86 м. 
Толығырақ
Видео: Ахмедин жансерик