Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

12.06.2018 «Нұр Әлем» - Қазақстанның жаңа символы
1520

«Нұр Әлем» сферасы ЭКСПО кешенінің дәл ортасында орналасқан


Халықаралық мамандандырылған көрме кезінде «Нұр Әлем» халық ең көп барған нысан болды. Шар тәрізді шыны ғимараттың диаметрі 80 метрді құраса, биіктігі - 100 метрге жетеді. Бұл сфера жаңа өмірдің басталуын, мәңгілік өмірді бейнелейді. Шар құрылысында біздің суыққа төзімді ерекше шыны қолданылған. ЭКСПО-2017 кезінде сфера күн мен желден алынған электр қуатымен өзін-өзі қамтамасыз етті. Футуристік шар енді Болашақ музейі ретінде келушілерге қызмет етеді. Ғимарат 8 қабаттан тұрады және әрбір қабат күн, жел, су энергиясы, биомасса сынды баламалы энергия көздерінің белгілі бір түрлеріне арналған.
Бүгінде «Нұр Әлем» павильоны - Астананың ең жаңа әрі көрікті ғимараттарының бірі.
Толығырақ
Видео: Ахмедин Жансерик