Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.07.2018 Radio Asia Song 2018 фестивалі
338

«Қазмедиа холл» сахнасында Қазақстан, Үндістан, Түрікменстан, Мальдив, Қытай, Непал, Индонезия, Ауғанстан, Түркия, Вьетнам елдерінің артистері өнер көрсетеді.



Азия медиа диалогы туралы
Азия медиа диалогы – Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы желісіндегі бірқатар іс-шараларды біріктірген 2018 жылдың ең ірі салалық халқаралық жобаларының бірі. Мұндай іс-шара тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда тұңғыш рет өткізілмек. Жоба шеңберінде бірқатар маңызды оқиғалар бар:
«Radio Asia 2018» халықаралық конференциясы мен семинарлары. Радио дамуының мәселелеріне арналған мұнда й конференция Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет өткізілуде.
«Radio Asia Song Festival» халықаралық ән фестивалі. Ән фестивалі Астананың 20 жылдығына сыйлық болып табылады. Фестивальда өз мәдениетін көрсететін, Үндістан, Мальдивтер, Вьетнам, Қытай, Ауғанстан, Түрікменстан, Түркия, Индонезия сияқты елдерден жас әртістер қатысады. Әртістер Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағының мүшесі болып табылатын ұйымдардың атынан қатысатынын айта кеткен жөн.
«Media 2020» халықаралық конеренциясы (Еуропа хабар тарату одағымен диалог). Бұл конференция медиа саласының көп мәселелері бойынша Еуропа мен Азия арасында диалог құрастырады. Конференцияға халықаралық және ұлттық телерадио хабар таратушыларды, қауымдастықтарды, жеке медиа компанияларды, сонымен қатар медианың академиялық қоғамының өкілдерін қоса алғанда, Еуропа мен Азияның жетекші медиа менеджерлері қатысады.
Азия медиа диалогы осы жылы Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына ұштастырылып отыр.