Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

19.07.2018 Денис Тен қайтыс болды
1950

Қазақстан тарихындағы үздік мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өмірі 19 шілде күні үзілді


Небәрі 12 жасында Денис ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. 2009 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төртінші орынды иеленіп, ересектер арасындағы ӘЧ-да 2010 жылғы Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды. Алғашқы Олимпиадасында мәнерлеп сырғанау турнирінің ең жас қатысушысы болды. 2011 жылғы Азия ойындарындағы алтын медаль Денис Теннің әлемдегі үздік мәнерлеп сырғанаушылардың бірі екендігін дәлелдеді. 2013 жылы Лондонда өткен әлем чемпионатында ол күміс медальды жеңіп алды. Денис Тен Сочиде өткен Олимпиадада еліміз спортшылары арасында  медальға басты үміткер болды, әрі оны жеңіп алды. Бұл Қазақстанның Сочи Олимпиадасындағы жалғыз медалі еді. Спортшы сондай-ақ көптеген өзге де медальдарды жеңіп алды. Ол тек сырғанаумен ғана шектелген жоқ, 2015 жылы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Денис Тенді екі ел арасындағы достықтың символы деп атады. Қазақстанның Алтын баласы Денис Тенді алда жаңа белестер, жаңа таныстықтар мен эмоциялар күтіп тұрды. Оның өмірі әлі алда еді...