Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

26.09.2018 Astana Media Week: Алғашқы күннің қорытындысы
3511

«Қазмедиада» 2 мыңнан астам қонақ жиналды. Олардың арасында Қазақстан мен шет елдердегі медиаиндустрияның 60-қа жуық топ-менеджері, 15 телевизиялық компания, 50-ден астам продакшн-компанияның өкілдері бар.



Орталық Азия аумағындағы медиа саласының ірі шарасы – Astana Media Week-ті ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты.

«Осымен екінші рет өтіп отырған Astana Media Week елімізде ғана емес, аймақта да медиа нарықты қалыптастыруға және одан ары дамытуға серпін береді деп сенемін. Өйткені елордамыздың төрінде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен бөлек, шетелдік әріптестер де өз ойларын ортаға салады. Бұл шараның негізгі мақсаты - отандық медиа нарықты жан-жақты дамыту ғана емес, мәдени және ақпараттық байланыстарды да тереңдету. Байланысы мықты мемлекеттің қорғанысы да қуатты», - деді Д.Абаев апталықтың салтанатты ашылу рәсімінде.

Медиа-апталық «Контент-маркет» көрмесімен ашылды. Жаңа телебағдарламалардың, реалити-шоулардың, мультфильмдердің, көркем фильмдер мен деректі фильмдердің тұсаукесері ретінде питчинг жүргізілді. Онда продакшн-студияларға инвесторларды тарту мақсатында өздерінің айрықша бейнеконтенттерін ұсынуға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, медиа-апталықтың бірінші күні Media Talks пікірталас алаңы жұмыс істеді, оған әртүрлі қызмет салаларының жетекші мамандары қатысты. Ток-шоу форматында «Болашақтағы кәсіптер» талқыланды.

 
Видео: Жансерик Ахмедин, Рустем Айтхожин, монтаж Ильзат Сафаргалиев