Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

18.10.2018 Мемлекет басшысының Жолдауы: экономикадағы қаржы секторының рөлін күшейту қажет
801

5 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады


«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру».Мемлекет басшысы: Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, көзделген мәселелерді жүйелі түрде шешуді бастауы керек. Қаржы секторын және нақты секторларды сауықтыру, инфляцияға қарсы кешенді саясат жүргізу қажет. Экономиканы, әсіресе, өңдеу секторы мен шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұлғайту өте маңызды. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, зейнетақы активтерінің басқару тиімділігін арттыру қажет
Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ресурстарын, баламалы қаржы құралдарын нақты дамыту керек. Бизнесті инвестициямен қамтамасыз ету ісінде «Астана» ХҚО маңызды рөл атқаруға тиіс. Біз жеке сотты, қаржы реттеуішін, биржаны арнайы құрдық, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар осы алаңды белсенді пайдаланып, оның тез дамуына атсалысуы керек.
Видео: Ахмедин Жансерик