Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

24.10.2018 Елбасы Жолдауы: орта білім беру жүйесіндегі негізгі тәсілдер белгіленді
746

5 қазан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады


«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс, деп санайды Мемлекет басшысы. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды жүктеді. Мектептегі орын жетіспеушілігі, үш ауысымда оқыту және апат жағдайындағы мектеп проблемалары мейлінше сезіліп отырған  өңірлер үшін. Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыру тапсырылды.
Видео: Ахмедин Жансерик