Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

20.11.2018 «Qazaqstan» телеарнасы «Інжу-маржан» жаңа ұлттық жобасын бастады
851

«Qazaqstan» телеарнасы дәстүрлі ән-күйлерімізді насихаттайтын жаңа ұлттық жобаны - «Інжу-маржан» телебағдарламасын қолға алды. Бүгін «Қазмедиа» орталығында жобаның алғашқы түсірілімі басталды


Видео: Ильзат Сафаргалиев

Жаңа телевизиялық жобаның мақсаты - төл өнеріміз - дәстүрлі ән, жыр-термелер мен күйлерді насихаттау, оны болашақ ұрпаққа рухани-мәдени мұра ретінде сақтау, ұлттық өнерді дәріптеу.

Айта кетейік, «Інжу-маржан» телебағдарламасына танымал тұлғалар ғана емес, дәстүрлі музыканы жанына серік еткен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі азаматтар қатысатын болады. Жоба қанша уақыт түсірілетіні және оның көрерменге қашан жол тартатыны әзірге белгісіз.