Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

05.12.2018 «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
1692

Елордадағы Назарбаев орталығында «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауы қорытындыланды

Байқауға түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысты.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жас әдебиетшілердің еңбегіне осымен төртінші рет қолдау көрсетіп отыр. Жылдан жылға байқауға деген қызығушылық артып келеді.


Биылғы бәйгеге елдің түкпір-түкпірінен 108 шығарма келіп түскен. Жеңімпаздар  «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы», «Жылдың үздік драматургиясы» дәстүрлі аталымдар бойынша белгіленді. Әр номинация бойынша сыйақы қоры 1 миллион теңгені құрайды.

Сонымен қатар байқау Астананың мерейтойына арналған «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды» арнайы аталыммен толықты. Оның жүлде қоры 1,5 миллион теңге. 

Видео: Ильзат Сафаргалиев