Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

10.12.2018 «ҚазАқпарат» пен «Астана» телеарнасы ұсынады: Ақмешіт үңгірінің сыры
931

 «ҚазАқпарат» ХАА мен «Астана» телеарнасының бірлескен жобасы «Ғажайып Қазақстан» аясында видеочеректің келесі бөлімі - Ақмешіт үңгірі  көрерменге жол тартты


Бұл жолы түсіру тобы Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Кеңестөбе ауылынан 7 шақырым жерде орналасқан Ақмешіт үңгірінде болып қайтты. Қаратау сілемдерінің қыратында орналасқан бұл ерекше орын – Орталық Азиядағы ең үлкен үңгірдің бірі. Оның жалпы аумағы табанынан есептегендегі биіктігі 30-32 метрді, ені 62, ұзындығы 164 метрді алып жатыр. Үңгір іші мешіттің күмбезіне ұқсағандықтан Ақмешіт үңгірі аталса керек. Оның ішіндегі ауасы да адам ағзасына шипалы дейді жұрт. Үңгірге қатысты басқа да қызықты деректерді, оның қасиеті мен кереметтігі туралы фильмнен тамашалай аласыздар.