Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

18.01.2019 Астанада қоғамдық көліктерге рейд жүргізілді
1281

Бүгін Астанада жалпы республикалық «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміз бойынша өткізіліп жатқан аталған шараға ішкі істер органдарының 6 мыңнан астам қызметкері атсалысуда. Оның ішінде 4857 патрульдік полиция, 1561 басқа қызметтен. Одан бөлек, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің 144 жұмысшысы тартылды. 


Видео: Жансерик Ахмедин

Профилактикалық жұмыс барысында автобус жүргізушілерінің тәртіп бұзбауын қадағалаудан бөлек, олардың құжаттарының дұрыстығы, көліктің техникалық жағдайы басты назарда болды.