Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.01.2019 Қазақстандықтар салықтық қарыз туралы мәліметті SMS-хабарлама арқылы біле алады
1031

Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутат Ирина Аронова осындай ұсыныс жасады


2018 жылдың жазында 4 мыңға жуық азамат елімізден шетелге шыға алмады, деп мәлімдеді ол. Бұл жайында салық төлеушілердің көбісі бақылау бекетінен өту кезінде тек әуежайда білді. ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов әрбір салық төлеуші өзінің берешегі жайында e-gov порталында біле алатынын атап өтті. ҚР Қаржы министрлігі Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында SMS-ескерту туралы ілкі жобаны іске қосты. Көлік құралдарына қатысты төлемдер туралы салық төлеушілерге мәліметтер бағытталады. Биыл салықтық берешектің барлық түрі бойынша Қазақстан аумағында SMS-ескертуді енгізу жоспарланған.
Видео: Ахмедин Жансерик