Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

14.03.2019 Шілдеден бастап мемқызметшілердің жалақысы қалай өседі
2904

ҚР Үкіметі бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеруге 170 млрд теңге бөлмек


Бұл туралы Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлім етті. Бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 169,7 млрд теңге бөлінеді. Бірыңғай еңбек төлемі жүйесіне өзгеріс енгізіліп жатыр. 
Облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі айлығы төмен қызметкерлердің еңбекақысының коэфиценті артады. Бұл ретте 37 мың мемлекеттік қызметші қамтылатын болады. Орташа есеппен айлық 25%, ал мамандардың жалақысы 25-30%-ға, бөлімше басшыларының айлығы 10-15%-ға өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық қызметкерлерге қатысты жұмыс жүргізіп жатыр.
Видео: Ахмедин Жансерик