Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

06.08.2019 Балаға мектеп сөмкесін қалай дұрыс таңдау керек
874

Дәрігерлер мектеп сөмкесін таңдау кезінде мынаған назар аударуға кеңес береді:


Сөмкенің арқа жағы қатты ортопедиялық болуы керек, Иықбауы кең болғаны дұрыс. Сөмке тұтқасының ұзындығы реттелуі тиіс,
Мектеп сөмкесінің көлемі мен салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес келуі қажет. Сөмкенің салмағы кітап-дәптерлерді қоспағанда 1 келіден аспауы керек және баланың өз салмағының, ең көп дегенде, 10% құрауы тиіс. Жарық шағылыстыратын бөлшектері болғаны жөн. Жүргізушілер қараңғы кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан баланы бірден байқайды. Бір оқулықтың салмағы 1-4 сынып оқушылары үшін 300 граммнан аспауы керек
5-6 сыныптар – 400 грамм,
7-9 сыныптар – 500 грамм, 
10-12 сыныптар – 600 грамм
Оқулықтардың салмағы асып кетсе, 74-18-64 телефонына хабарласып, шағымдануға болады
Видео: Ахмедин Жансерик