Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

30.01.2020 Алматыда әл-Фараби атындағы кітапхана–орталық ашылды
1187

Алматыда жаңадан ашылған әл-Фараби орталығының директоры Бекжан Мейірбаев орталықта қандай жұмыстар атқарылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Видео: Александр Павский, монтаж: Ильзат Сафаргалиев

«Бұл – жаһандық маңызды оқиға, әл-Фараби жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. 1970-ші жылдары әл-Фарабидің 1100 жылдығы жаһандық деңгейде үш қалада өтті: Алматы, Мәскеу және Бағдат. Ғұламаға арналған іс-шаралар жыл бойы ұйымдастырылды. Бүгінгі шараның да алар орны бөлек. Әл-Фараби тек Қазақстан үшін ғана емес, әлем үшін маңызды тұлға», – деді Бекжан Мейірбаев.


Ол 1993 жылдан бастап университет қабырғасында «әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы» атты ғылыми-зерттеу және білім беру орталығының жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.