Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

29.03.2021 Президент «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиынға қатысты
1385

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиынға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.



Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Іс-шара COVID-19 пандемиясы кезеңінде халықаралық күш-жігерді даму бағытын қаржыландыру саласына қарай жұмылдыруға арналды.


Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы мемлекеттер тобының төрағасы ретінде сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы басталғалы бері Топқа мүше елдер шетелдік инвестициялардың азаюы, сауда-саттық пен ақша аударымдарының төмендеуі, қаржылық қарыздардың өсуі, орташа алғанда экономиканың 2,4 пайызға құлдырауына себеп болған бюджет мүмкіндігінің айтарлықтай кемуі секілді аса қауіпті құбылыстармен бетпе-бет келгенін атап өтті.