Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

31.05.2021 Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
595

Сталиндік режім кезінде жазықсыз құрбан болғандарды еске алу мақсатында жыл сайын атап өтіледі. ҚР Президентінің тиісті Қаулысы 1997 жылдың 5 сәуірінде қабылданды. 



1920 жылдардың басында қолдан ұйымдастырылған, кейіннен 1927-1929 жылдары «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен жүзеге асырылған ашаршылық Қазақстанда ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерінде 7 миллион адамның өмірін жалмады. Оның ішінде Қазақстанда ең кемінде 1,5 миллион адам аштықтан ажал құшты деген дерек бар. Бұдан бөлек, Қазақстанда саяси қуғын-сүргін нәубеті 1928 жылдың ортасында Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен СССР-ды құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. Кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы болды.