НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 9 мамыр - Жеңіс күніне орай мерекелік отшашу болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана уақытымен тұп-тура сағат 22:00 кезіне Жеңіс күні құрметіне Есіл өзені жағалауында отшашу атылды. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Жеңістің 77 жылдығына арналған отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған. Салтанатты рәсім 10-12 минутқа сотзылды, атылған отшашу көлемі - 3 мыңнан кем емес.