Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

13.09.2022 Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті күтіп алды
201

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Рим Папасы Францискті күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рим Папасының әуе борты Қазақстан әуежайына қонды.



Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды.
Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті.
Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды.