Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.04.2023 Мәжілістің жалпы отырысы | 26.04.2022
0

26 сәуір сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.



Депутаттар бірқатар ратификациялық заң жобасын қарастырады. Олардың қатарында Еуразиялық экономикалық одақ аясында несиелік тарихқа кіретін мәлімет алмасу тәртібі туралы келісім бар.

Сондай-ақ Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісім қаралады. Ол жобаларды жүзеге асыруға, мүше мемлекеттердің өңірлік ынтымақтастық процестеріне қатысуын кеңейтуге және олардың әлеуетін жақсартуға бағытталған.

Тағы бір заң жобасы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның Факультативтік хаттамасына қатысты. Жоба Қазақстан азаматтарына өздерінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын халықаралық қорғау құқығын береді.