Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

27.04.2023 Президент телерадиокешені «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының негізгі ақпараттық серіктесі болды
0

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін «Алматы-2» теміржол вокзалынан «Саламатты «Қазақстан» пойызы» салтанатты түрде жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Медициналық пойыз» жобасының басты мақсаты - еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету.

Ұлт мықты болу үшін адамдардың дені сау болуы керек. Дені сау ұлттың болашағы зор болмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның байлығы ең алдымен адамдар екенін атап өтті. Мемлекеттің басым міндеттерінің бірі – өмір сүру сапасын жақсарту және ұзақ өмір сүруге жағдай жасау. Бұл білікті медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен және ақпараттық серіктес - Jibek Joly телеарнасымен бірге жүзеге асырады.