Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

24.05.2023 Мәжілістің жалпы отырысы | 24.05.2022
0

24 мамыр 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.



Депутаттар Қазақстан мен Түркия арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету туралы келісімді ратификациялайды. Құжат тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуді жеңілдетеді әрі уақытты айтарлықтай қысқартады. 

Мәжілісмендер кейбір заңнамалық актілерге сұйытылған газ айналымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды екінші оқылымда қарайды. Өзгерістер сұйытылған мұнай газының көлемін ішкі нарықта тарату ережелері мен жүйесіне, оны сатуда делдалдарды алып тастауға және басқа да мәселелерге әсер етеді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлігінде депутаттар 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап пәтер иелері кооперативтерінің қызметін тоқтатуды көздейтін норманы алып тастау мәселесін қарайды.

Сонымен қатар Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.