Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

07.06.2023 Мәжілістің жалпы отырысы | 07.06.2022
0

7 маусым сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.



Депутаттар Үкімет пен Жоғарғы аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарайды.

Сондай-ақ «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы», «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобалары мен оған ілеспе түзетулер, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Салық кодексіне және өзге де заңнамалық актілерге толықтырулар бірінші оқылымда талқыланады.

Сонымен қатар Мәжіліс «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясына, елдің орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Парламенттік комиссия құрамына депутаттарды сайлайды.

Бұдан бөлек Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа алады. Оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік және масс-медиа туралы заң жобалары бар.