Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

13.06.2023 Мәжілістің жалпы отырысы | 14.06.2022
0

14 маусым 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.
 


Депутаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау  мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарайды. Ал «Кәсіптік біліктілік туралы», «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы», «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобалары мен оларға ілеспе түзетулер екінші оқылымда қаралады.

Сонымен қатар палатаның тиісті комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Оның ішінде орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты түзетулер бар.