Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

29.06.2023 Сенатының жалпы отырысы| 29.06.2023
0

2023 жылғы 29 маусымда, бейсенбі күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.



Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
 
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы лауазымдарына сайлау туралы.
2. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).
4. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).
5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).
6. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.
7. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).
8. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).
9. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.
10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).
11. «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.
12. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).