Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

12.04.2017 Астанада гүлдер көрмесі өтті
1581


     2017 жылдың 12 сәуірі күні елорданың "Көрме" орталығында "AstanaFloraExpo-2017" VIII Халықаралық гүл өсіру шаруашылығы мен көгалдандыру көрмесі ашылды.
     Көрмеге әлемнің ондаған елінен келген 50-ден астам компания қатысуда. Көрмеде Бельгия, Германия, Голландия, Италия, Польша, Колумбия, Ресей, Иран және Эквадор елдерінің танымал брендтерінің өкілдері өз өнімдерін таныстырды. Олардың арасында – кесілген гүлдердің ірі жеткізушілері, көшет отырғызушылар, аумақты көгалдандырумен, ландшафт дизайнымен айналысатын компаниялар, бақ орталықтары, көтерме гүл фирмалары болды.
     Көрме аясында Қазақстан Республикасы жағдайындағы көгалдандыру және бақша құрылысы мәселелері бойынша үшінші ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.