Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

20.09.2017 БАҚ-қа жануарлар мен құстарға жем шығаратын зауыт таныстырылды
1782

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлар мен құстарға арналған азық шығаратын Астанадағы «АЛиКС» зауытына баспасөз турын ұйымдастырды.


Республикадағы жем өндіретін жиынтық қуаты 2,4 млн тоннаға жететін жалпы 70 кәсіпорын болса, соның екеуі Астанада орналасқан. Соңғы 5 жылда  жем өндіру бойынша өсу динамикасы байқалып отыр. Санмен өрнектегенде, 2012 жылы 498 мың тонна өнім өндірген болса, 2016 жылға келіп бұл көрсеткіш 960 мың тоннаға дейін жеткен. Жұмысбастылық 35 %-ды құраған. 2021 жылға қарай елдегі жем өндіру қуатын жылына 1 миллионнан 2,5 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. 

2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жем өндірісін дамыту үшін мынадай мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде:
• мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауылшаруашылық кооперативтері мен жем шығаратын зауыттар өндірген  жемдердің бағасын арзандату;
• ауылшаруашылық жануарларына кететін шығын мөлшерін 50 %-ға дейін арзандату.

Видео: Нурсултан Омирбеков