Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

07.12.2017 «Астана Опера» театрының солисі Мария Мудряк «Карло Феличе» сахнасында дебют жасады
1018

Қазақстандық сопрано Мария Мудряк 6 желтоқсан күні «Карло Феличе» (Италия) сахнасында Дж.Вердидің атақты операларының бірі «Риголеттода» орасан зор жетістікпен дебют жасады. Бұл қойылыммен генуялық театр өзінің опера маусымын ашты. Әнші басты Джильда партиясын орындады, оның сахнадағы әріптесі аты аңызға айналған баритон Лео Нуччи болды. Дирижерлік пульт басында - маэстро Франческо Иван Чампа, режиссері – Роландо Панераи.