Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

24.12.2017 Жаңа жыл алдындағы Астананың келбеті
3031

Жаңа жыл қарсаңында елорданың тұрғындары мен қонақтары серуеніне шаһардың мерекелік безендіруі әр беруде. Сол жағалауда «Хан Шатыр» СОСО, зәулім үйлердің ажарын өткір жарық шамдар аша түскен. ЭКСПО-2017 аумағындағы еліміздің бас шыршасы қылау қарлар шамы мен түрлі түсті шарлармен безендірілген. Суыққа қарамастан көпшілік балалармен бірге серуендеуді, аққаладағы мұз сырғанақта уақыт өткізуде немесе айдындарда коньки тебуді құп көреді. Бас шырша «Нұр Әлем» павильонының іргесінен орын тепкен. 
 
 

Еске сала кетсек, 18 желтоқсанда ЭКСПО-2017 аумағындағы еліміздің бас шыршасының шамы  жағылып, мұз қалашық ашылды. 


Қалашықтың басты тақырыбы «ЭКСПО-2017: Болашақтың энергиясы» жәрмеңкесі болды.  Сондықтан мұнда алғашқы 1851 жылы Лондонның Гайд-паркінде салынған хрусталь сарайдың көшірмесі орнатылды. Мұздан жасалып 50 метрге созылған «Жаңа жыл 2018 Новый год» жазуы қалашықтың қақпасы іспеттес көрінеді.
 
Видео: Ильзат Сафаргалиев