Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.08.2020 Дәрігерлердің жымиып тұрған портреттері елорда көпірінің сәнін келтірді
3616

Елорданың оң жағалауы мен сол жағалауын жалғайтын "Атырау көпіріне" медицина қызметкерлерінің фотосуреттері ілінді. Қала тұрғындары дәрігерлер портретінің қасына тоқтап, ойлы жүзбен қарап, фотосуреттегі дәрігерлердің жымия қараған жүзінен бәрі жақсы болатыны туралы үміт сәулесін көруде. 

Фотокөрмені кәсіби фотограф Руслан Мазунин ұйымдастырған. Ол медицина қызметкерлеріне деген алғысын осылай жеткізгісі келген. Енді қазақстандықтар адам өмірін ажалдан арашалап жүрген заманауи кейіпкерлердің кім екенін біліп жүретін болады.