Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

13.10.2022 Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті өтті
170

13 қазан күні Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті өтті. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті.
Қазақстан Президенті саммитке қатысушы елдердің басшылары алдында сөйлеген сөзінде оларға алғыс білдіріп, биыл осы Кеңесті шақыру бастамасына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Осы кезеңде АӨСШК көпжақты ынтымақтастық алаңына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналды.
Жиын барысында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Иран президенті Ибрахим Раиси, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Палестина президенті Махмұд Аббас, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Ван Цишань, Вьетнам вице-президенті Во Тхи Ань Суан және Беларусь президенті Александр Лукашенко сөз сөйледі.
Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – Кувейтке АӨСШК-ге мүше мемлекет мәртебесін беру болды.
Кувейт – кеңеске мүше болған 28-ші мемлекет.
Саммит барысында кеңеске мүше мемлекеттердің басшылары АӨСШК трансформациясы туралы Астана мәлімдемесін қабылдады. Құжаттың толық мәтінімен осы жерде танысуға болады https://www.inform.kz/kz/aosshk-transformaciyasy-zhonindegi-astana-malimdemesi-zhariyalandy_a3990337